Соңғы жылдары Жоғарғы сот заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы электрондық ісқағаздарды жүргізуге және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн. Қазір, күнделікті сот тәжірбиесінде соттар IT-технологиялар және ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастаған. Себебі, жаңа технологиялар сот ісін жүргізу уақытын елеулі түрде қысқартып, сот жұмыстарының көрсеткіштері оңтайландырады, ең басты, халықтың қолжетімділігі қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологияларды дамыту сот жүйесі үшін басымды бағыты болып табылады. Себебі ол сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, оңтайландыру және автоматтандыру, оған қоса бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы — Д.М.Оразбаева.
По сообщению сайта Магнолия