Атырау облысында жолда шетелдіктер мінген көлік өртенді

Дата: 08 июня 2024 в 19:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Құтқарушылар Атырау облысындағы тас жолда өртенген автокөлікке көмекке келді. Онда шетелдің үш азамат болған, олар дәрігерлерге тапсырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап

Оқыс оқиға Мақат ауданында болған.

Атырау-Ақтөбе республикалық маңыздағы тас жолдың 31 шақырымында жеңіл автокөлік өртенді.

«Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері Өзбекстанның үш азаматын өрттен құтқарды. Зардап шеккендер жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді», деп атап өтті ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқиғаның себебі анықталуда

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press