22 шілдеден бастап күмәнді ақша аударымдары бұғатталады

Дата: 05 июня 2024 в 10:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ұлттық банк «Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректермен алмасу орталығының қызметін және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚҰБ басқарма қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоба Антифрод-орталық қызметін жүзеге асыру және оның қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асырудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

Антифрод-орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылатын технологиялық платформа болып табылады. Платформа тиісті таңбаланған күдікті операцияларды қоса алғанда, алаяқтық операциялар бойынша нақты уақыт режимінде қаржы нарығының субъектілері арасында деректер алмасуды қамтиды.

Антифрод-орталықтың міндеті – азаматтардың қаражатын алаяқтық операциялардан қорғауды қамтамасыз ету, алаяқтық операцияларға жедел шара қабылдау және оларды уақытында бұғаттау.

Толық функционалы бар өнеркәсіптік енгізу биыл 22 шілдеде – цифрландыру мәселелері жөніндегі тиісті Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап жоспарлануда.

Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press