Қазақстанда +30°С дейін ыстық күтілуде

Дата: 17 апреля 2024 в 16:18

Елімізде +30°С дейін ыстық күтілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық синоптиктер алдағы үш тәулікте – 2024 жылғы 18-20 сәуір аралығында ел бойынша ауа райы қандай болатынын мәлімдеді.

Болжамға сәйкес, термометр бағандары түнде температураның ауытқуын, ал күндіз температураның айтарлықтай жоғарылауын көрсетеді:

«Республика аумағының басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынның тоқтауы және күнделікті ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыс тауларында ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, мұнда атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді».«Қазгидромет» РМК

Бұған дейін Астанада және Қазақстанның 10 облысында 2024 жылдың 17 сәуіріне дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Сурет: unsplash

По сообщению сайта Arna Press