Еліміздің бірқатар өңірлерінде тас жолдарды су шайып кетті

Дата: 16 апреля 2024 в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Еліміздің бірқатар өңірлерінде тас жолдарды су шайып кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6850 метр болатын су тасқыны орын алды.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды. «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 534 бірлік техника мен 1134 адам жұмылдырылған.

Сурет: primeminister.kz

По сообщению сайта Arna Press