Италиядағы лицензиялық турнир: Бибосынов пен Оралбай келесі кезеңге өтті

Дата: 07 марта 2024 в 13:28 Категория: Новости спорта

Қазақстандық боксшылар Италиядағы лицензиялық турнирде келесі кезеңге өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен кениялық Давид Каранжа Мачариямен кездескен болатын. 

Бұл кездесу де Сәкенге айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Төрешілер жеңісті бірауыздан Бибосыновқа берді. 

Ал Айбек Оралбай алғашқы кездесуін өткізді. 

92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Айбек үндістандық Санжит Санжитке қарсы шықты.

Екі Азия чемпионының қатысуымен өткен кездесу Айбек Оралбайдың жеңісімен аяқталды. 

Бұған дейін оның сыңары Нұрбек Оралбай да бірінші айналымнан сәтті өткен еді. 

Сурет: olympic.kz

По сообщению сайта Arna Press