ХҚКО қызметкерлері енді мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсететін болады

Дата: 04 марта 2024 в 18:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанның 20 облысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын 29 connection point ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетер болсақ, connection point – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу және т.б. сияқты танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.

«Өткен жылы қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алған болатын. Біз ірі қалалар мен облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Біз сауда орталықтарын, базарларды, автовокзалдарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, ол жақтарда адам легі көп және азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін біздің қызметкерлерге жүгіну ыңғайлы болады», — деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кету керек, бүгінге дейін сауда орталықтары мен базарлардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 2 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болды. Азаматтар «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген.

Сурет: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы » КЕАҚ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press