Қазақстанда жолдарды дұрыс күтіп ұстамағаны үшін жол қызметінің жұмысшылары жұмыстан шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қажсервис» ЖШС аумақтық филиалдарында қар тазалау техникасы мен көктайғаққа қарсы материалдардың тапшылығын анықтаған.
«Температураның күрт өзгеруі мен қардың түсуі кезіндегі бұл жағдай Солтүстік Қазақстан облысының республикалық жолдарындағы жол қозғалысын қиындатып, оның қатысушыларына қауіпсіздікке тікелей қауіп төндірді», — делінген хабарламада.
Шымкент көлік прокуратурасы осыған ұқсас заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау нәтижелері де Түркістан облысының республикалық жолдарын күтіп ұстау үшін жол техникасының қажетті санының жоқтығын айғақтаған.
«Нәтижесінде, былтырғы 12-15 желтоқсан аралығында қарлы боран мен қар жауған кезде кешіктірілген тазалау жұмыстары href="https://aqparat.info/city/38328-shshiimkent.html">Шымкент-Тараз бағыты бойынша көлік ағынын тоқтатқан (50-ге жуық автокөлік құралдары жолдарда «тұрып қалды»).
Анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін прокуратуралармен автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың атына ұсынулар енгізілді».
Прокуратураның қадағалау актілерінің бірі бойынша лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 11 қызметкермен және «Қажсервис» ЖШС Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директорымен еңбек шарттары бұзылған.
«Тағы біреуі бойынша – қызмет көрсететін мердігерлерге 1,6 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Сонымен қатар, көлік прокурорларының араласуынан кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ алдағы уақытта ел өңірлеріне тарату үшін 245 бірлік қосымша жол техникасын сатып алуға бағытталған іс-шаралар жүргізіп жатыр», — делінген хабарамада.
Сурет:gov.kz
По сообщению сайта Arna Press