Алматы мен Шымкентте «Дикий Арман» қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

Дата: 08 февраля 2024 в 19:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы мен href="https://aqparat.info/city/38328-shshiimkent.html">Шымкентте «Дикий Арман» қылмыстық тобының мүшелері ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шеңберінде іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін, оның ішінде қаңтар оқиғасына қатысушыларды ұстау бойынша шаралар қабылдап келеді.

Мәселен, өткен жылдан бері ел аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелген ұйымдасқан қылмыстық топтардың 19 көшбасшысы мен белсенді мүшеcі ұсталды.

7 ақпанда href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы және href="https://aqparat.info/city/38328-shshiimkent.html">Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстады.

Олар Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болып табылады.

«Ұсталғандардың бірі Самат Әмірбаев 2022 жылы href="https://aqparat.info/city/38328-shshiimkent.html">Шымкентте кісі өлтіруге және сол қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деп күдіктелуде. Ол Түркістан облысының аумағында ұсталды. Оның кісі өлтіру фактісі бойынша сыбайластарының бірі 16 жылға сотталып, қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатыр. Ұйымдасқан қылмыстық топтың екінші мүшесі href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы әуежайында шекаралас елдің аумағынан келгеннен кейін ұсталды. Онда ол Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынған. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Сурет: pexels

По сообщению сайта Arna Press