Бастапқы жарнасыз ипотека: Атырауда жеңілдікті бағдарлама іске қосылды

Дата: 15 января 2024 в 11:47 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Атырау облысының билігі 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында ешқандай бастапқы жарна сұралмайтын «Бақытты отбасы — Атырау» бағдарламасына құжат қабылдайды.

Әкімдік сайтында құжат тапсыру және қосымша ақпарат алу үшін Атырау қ-сы, Азаттық даңғ., 101а, № 3 терезе мекенжайына жүгіну керек деп жазылған.

− жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;
− неке (немесе оның бұзылғаны) туралы куәлік;
− туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;
− отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері туралы анықтама;
− мүгедектік туралы анықтама (бар болса);
− отбасы мүшелерінің барлығының атында ҚР-да баспана жоқ екені туралы анықтама.

Бұл ипотеканың шарттары тек төрт санаттағы тұрғындарға 2 %-бен кредит беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасына ұқсамайды. Атырау облысы өзінің өңірлік ипотекасы үшін басқа талаптар қойып отыр. Жергілікті әкімдік үміткерлер тізімін жасайды, ал «Отбасы банк» несие рәсімдейді.

По сообщению сайта Крыша