Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуі мүмкін

Дата: 12 января 2024 в 17:08

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуі мүмкін, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі өкілдері онлайн-форматта келіссөз жүргізді.

Оның барысында тараптар Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Имплоймент Пэмит Систем, яғни жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне енгізу мәселесі талқыланған.

Бұл еліміздің азаматтарына Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ тең еңбек жағдайы мен құқығын қорғауға мүмкіндік береді, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен бірге осы жүйе аясында Қазақстанда Кореяның дайындық орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы да айтылды.

Сурет: pixabay

 

По сообщению сайта Arna Press