Абай облысында терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

Дата: 01 января 2024 в 16:08 Категория: Происшествия

2023 жылғы 29 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолғабыс етуімен Абай облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Ол терроризмді насихаттауда күдіктенуде, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

 

 

По сообщению сайта Arna Press