Полицияға қала тұрғыны оның ГАЗель автокөлігін белгісіз адам жалға алып, көлікті қайтармай жатқандығы туралы арызданған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтады. Алдын ала тергеу барысында белгілі болғаны ол ГАЗель автокөлігін жалға алып, оның құрал-саймандарын бөлшектеп сатып жіберген. Осылайша жәбірленушіге 4 млн теңгенің көлемінде шығын келтірген.
Қазіргі уақытта қолға түскен азамат мойындау көрсетпелерін берді.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 37 жастағы күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарынан жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуге түсіністікпен қарауды және құқық бұзушылықтарды анықтауға атсалысуды сұрайды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары қылмыс пен құқық бұзушылық жасау фактілеріне куә болсаңыз, соған қатысты ақпаратқа немесе басқа да маңызды мәліметтерге ие болсаңыз, Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Астана қаласының полиция департаментіне жүгінуіңізді, сондай-ақ «102» мобильді қосымшасы арқылы немесе «102» нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
Сурет: Polisia.kz
По сообщению сайта Arna Press