11 қазанда href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы мен href="https://aqparat.info/city/99959-atyrau.html">Атырауда синоптиктер ауада зиянды заттардың жоғары болуы мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Бұған дейін синоптиктер Астана қаласы мен 13 облыс тұрғындарына боран қаупі туралы ескерткен болатын. Мамандар қатты жел соғып, найзағай ойнайды деп отыр.
Синоптиктердің болжауынша, 11 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, ауа райы тұрақсыз болады.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press