Елімізде ипотека рәсімдеушілер саны күрт өсті

Дата: 28 сентября 2023 в 11:07 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Биыл тамызда ипотекалық кредит бойынша елімізде рекорд орнады. Бірінші кредиттік бюроның мәліметіне сүйенсек, бір айда заем мөлшері бірден 27 %-ке артқан.

Республика азаматтары жалпы сомасы 191 млрд теңгеден аса ипотекалық заем рәсімдепті. Қарыз алушылар банкке қайтаратын сома — осы.

Тамызда келісімшарт саны 12.7 мыңға артып, ипотека төлейтіндер 25 %-ке көбейді.

Тамыз айында шілдеге қарағанда заем алушылар төрт есе көп.

Салыстырмалы түрде 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығында тұрғындар 21.6 мың ипотекалық кредит рәсімдеп, өсім небәрі 4.4 % болғанын айта кетейік.

По сообщению сайта Крыша