Көкшетау қаласында «Байтақ жер» жобасының қорытындысын шығарған баспасөз конференциясы өтті.
Ақмола облысының кәсіпкерлері журналистермен өздерінің жобаға қатысу тәжірибесімен бөлісті. Жоба 1 жыл ішінде 40-тан астам кәсіпкерді туристік бизнес негіздеріне үйретіп, 3 кәсіпкер мен 3 ҮЕҰ-ға қолдау көрсетіп, туризм тақырыбы бойынша онлайн-курс пен подкаст жазды,
Конференцияны ұйымдастыруда жобаның серіктесі, Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы көмектесті. Басқарма директорының орынбасары Андрей Подгурский атап өткендей өңірдің туристік әлеуеті зор.
«Менің ойымша, Ақмола облысы кездейсоқ таңдалмаған. Біздің өңіріміз, ең алдымен, туризммен байланысты, бізде 2 курорттық аймақ – Щучье-Бурабай және Зеренді, Қорғалжын қорығы және «Бұйратау» ұлттық паркі бар. Бұл жобаны облыс аумағында іске асыру туризмнің біз үшін үлкен маңызға ие екенін көрсетеді».
«Байтақ жер» жобасын «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) жүзеге асырады. Оның мақсаты – туризм саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің ауылдық кәсіпкерлері мен үкіметтік емес ұйымдарды қолдау. Жоба 2022 жылы күзде Ақмола облысының 3 ауданында – Зеренді, Сандықтау және Қорғалжын аудандарында – жұмысын бастады.
«Шеврон» компаниясы «Байтақ жер» жобасын жүзеге асыруда Орталық Азияның Еуразия Қорымен серіктестігін мақтан тұтады. Біздің мақсатымыз – туризм саласында жұмыс істейтін Ақмола облысындағы ауылдық кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдарды қолдау. Біз туризмнің осы аймақтың дамуында маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз және бұл ынтымақтастық туристік инфрақұрылымды нығайтуға және экономикалық дамуға деген ұмтылысымызды растайды», – деп бөлісті «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмуханова.
Жобаны іске асыру аудан әкімдіктерінің қолдауымен өткізілген әр ауданның кәсіпкерлеріне арналған Байтақ жер презентациясынан басталды. Келесі кезең эко және этнотуризм саласындағы бизнес негіздері бойынша онлайн оқыту болды. ОАЕҚ қызметкерлері, сондай-ақ тартылған сарапшылар туризм, клиентке бағдарлану, сауда, әлеуметтік желілермен жұмыс, қаржы және т.б. тақырыптар бойынша 10 сабақ жазды. Барлық сабақтарды қордың YouTube арнасынан қарауға болады. Курстан Қазақстанның түкпір-түкпірінен 40-тан астам адам өтті. Олардың 20-сы офлайн инкубациялық бағдарламаға қатысу үшін таңдалды, онда олар эко және этнотуризмде бизнес жүргізуге, қаржылық және жобалық жоспарлауға және өз брендтерін ілгерілетуге үйренді. Инкубацияның серіктестері «MOST» бизнес-инкубаторы және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы болды.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар өз жобаларын сараптамалық комиссия алдында қорғады. Олардың 6-ы, 3 кәсіпкер және 3 ҮЕҰ, туризмнің әртүрлі түрлері – ат туризмі, инклюзивті, спорттық, экологиялық, балалар және қолөнер туризмі – бойынша өз жобаларын одан әрі дамытуға қолдау алды.
«Байтақ жер» жобасы туризм саласындағы кәсіпкерлерді қолдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті, оларға түрлі құралдардың көмегімен клиенттерді тарту тәсілдері туралы білуге көмектесті. Біз қызықты бағыттарға назар аударғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл жерлер туралы білетін туристер саны оларды танымал ету бойынша жұмыстар мен біз дайындаған жолсілтемелер арқасында артады деп үміттенеміз», – деп атап өтті жоба менеджері Әлия Испаева.
Жобаның тағы бір мақсаты — аз танымал туристік бағыттардың танымалдылығын арттыру. Ол үшін жоба аясында үш аудан бойынша жолсілтемелер әзірленіп, БАҚ өкілдеріне арналған инфотур өткізілді.
Жолсілтемелер «Авалон» қоғамдық бірлестігімен серіктестікте құрылды. Бірлестік президенті Виталий Шуптар конференция барысында карталарды таныстырды. Олар аудандар ландшафты, көрікті жерлері, табиғатты қорғау аймақтары және олардың ішіндегі мінез-құлық ережелері, визит орталықтары, экскурсиялар, қонақ үйлер туралы ақпаратты қамтиды. Карталар әр ауданда 3 тілде, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасында электронды түрде қол жетімді.
Ақпараттық турға 8 басылымның журналистері қатысты. Олар барлық үш ауданға барып, олардың ерекшеліктері, флорасы мен фаунасы туралы білді, жоба қатысушыларымен танысты. Нәтижесінде БАҚ-да 15-тен астам материал шықты, соның арқасында жобаның географиясы туралы білетін адам саны артты.
Жастарды туризмді дамытуға тарту мақсатында Байтақ жер сонымен қатар жобаға қатысушылардың кәсіпорындарында тағылымдамадан өту орындарын ұсынды. Студенттер мен мектеп оқушыларының ішінен 10 адам екі апта бойы тағылымдамадан өтіп, кәсіпкерлерге көмектесіп қана қоймай, ауыл туризмі туралы көбірек біле алды. Тағылымдамадан өтушілер өз әсерлерімен онлайн жинаққа кірген мақалаларда бөлісті.
Жобаның негізгі бағыты кәсіпкерлерге қатысты болды. Оқытудан кейін жобаның әрбір қатысушысы бизнесті тиімді жүргізуге көмектескен сарапшылардан тұрақты трекинг сессияларынан өтті. Жоба қатысушысы Марат Алтынбековтың айтуынша, Байтақ жер оған таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
«Біз эко және этнотуризм бағыттарын айқындап, күшейте алдық. Жобаның үлкен артықщылығы – ол, әрине, трекинг. Кейде іс-әрекетке белгілі біл түрткі керек екенін кәсіпкерлер ғана біледі. Кейде уақытылы берілген кеңес ақшаны да, ресурстарды да үнемдеп, кәсіпкерге алаңдауға себеп бермейді».
Жоба Ақмола облысында болашақта да жұмысын жалғастырады. Барлық жаңалықтар Instagram парақшада жарияланады.
По сообщению сайта Arna Press