Ремонт дорог завершается на 12 участках в Темиртау

Дата: 15 сентября 2023 в 15:35


– Все работы будут завершены до конца сентября. Средний ремонт производится только на тех участках, где уже отремонтированы коммунальные сети, – отметил Канат Хасенов. 

 

Теміртауда 12 учаскеде жол жөндеу жұмыстары аяқталуда

Биыл Теміртауда 12 учаскеде жолдар жөнделуде. Олардың жалпы ұзындығы 40 шақырымнан асады.

Бүгінгі күні «Отрадное» шағын ауданында, пионерлік лагерьлер бағытында, мұсылман зиратына, Республика даңғылында – көпірден ескек есу базасына дейін, Абай көшесінде – Металлургтер даңғылынан Б.Момышұлы даңғылына дейінгі жолдарды орташа жөндеу толық аяқталды.

– Мичурин көшесінде де жұмыстар аяқталуда. Онда жол жиектерін нығайту қалды, – дейді Теміртау қаласының ТКШ бөлімі басшысының м. а. Қанат Хасенов. – Учаске фрезерленген, асфальттың екі қабаты төселген (ірі түйіршікті және ұсақ түйіршікті), құдықтарды көтеру жұмыстары орындалған.

Сондай-ақ, Теміртауда орамішілік жолдар ретке келтірілуде. Қазіргі уақытта 9-шы шағын ауданда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұзындығы 11 шақырым болатын Соцгород көшелерін жөндеу жұмыстары жалғасуда. Шұңқырды кесу, қоқысты шығару, қиыршық тас төгу, құдықтарды көтеру жұмыстары жүргізілуде. Тәуелсіздік даңғылында екі қабат асфальт төселген. Л. Чайкина көшесінде асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізілді, қиыршық тас төгу жалғасуда.

– Барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Орташа жөндеу коммуналдық желілер жөнделген учаскелерде ғана жүргізіледі, – деп атап өтті Қанат Хасенов.

По сообщению сайта EKaraganda.kz