Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан тәжік халқына автобус сыйға тартты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық павильон экспозицияларымен танысу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға Қазақстанның атынан отандық QazTechna компаниясы құрастырған мектеп оқушыларына арналған автобус және VibroLUNG медициналық жабдығының 3 жиынтығын сыйға тартты.
Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан атынан тәжік халқына сыйға тартқан оқушылар автобусының фотосын жариялады.
Сурет: akorda
По сообщению сайта Arna Press