Абай облысында мас жасөспірім полиция қызметкерлерімен GTA стиліндегі қуғын ұйымдастырды

Дата: 17 августа 2023 в 13:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алдыңғы түні полиция қызметкері «ВАЗ» жүргізушісінен тоқтауды талап еткен еді. Алайда тоқтаудың орнына жас жігіт жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқандықтан оның артынан қуу басталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автөкөлік қозғалысын  20 минут бойы жалғастыра берген. Инспекторлар қызметтік УАЗ-бен жолды жауып, көлікті тоқтата алды.

Тізгінде 17 жасар жасөспірім мас күйінде болған.

Жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірім үшін  ата-анасы жауапкершіліктен босатылмайды.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press