Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
16 тамызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, 102,7 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Биылғы жылы тиісті мақсатқа бюджеттен 65 миллиард теңге бөлінді.
«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакет бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 ж. – 5175) қоса алғанда, қосымша төлем түрінде табиғи нысаннан ақшалай көмек форматына көшірілді. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылардың арасынан 166,5 мың мектеп жасына дейінгі балаға қосымша төлем тағайындалды», — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінішті мансап орталығы арқылы, Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы беруге, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне хабарласуға болады.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press