Найзағай, нөсер жауын, бұршақ: 7 тамызда ауа райы қандай болады

Дата: 07 августа 2023 в 09:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Қазгидромет» синоптиктері 7 тамызда елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жауын мен бұршақ жауатынын болжады, ал кей өңірде әлі де ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні — 23 м/с, төтенше өрт қауіпі сақталады. 

По сообщению сайта Arna Press