2023 жылғы 17 және 24 шілдеде ҰҚК Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша департаменттері Ұлттық ұланды жұмылдыра отырып прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісінің жұмысын тоқтатты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңсыз айналымнан 29 келіден аса «мефедрон» психотроптық заттары, 1 тоннадан аса прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар алынды.
Ұсталған республикамыздың 4 азаматына қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press