Бұған дейін қолында баласы бар Қырғызстан азаматына шабуыл жасады деп айыпталған боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алудың ресми порталында хабарланды.
Порталдың хабарлауынша, боксшы екі күннен бері іздестірілуде. Белгілі болғандай, Бейбіт Шүменовты іздестіру шарасы Астанада 22 шілдеде тіркелгені хабарланды. Портал мәліметінше, боксшыны іздеуді жүргізіп жатқан орган – Астана қаласы Есіл аудандық полиция басқармасы.
Айта кетейік, Астанададағы сауда орталығында бокстан экс-әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев растады.
Кейін боксшы Бейбіт Шүменов балалы ер адаммен не үшін төбелесіп қалғанын айтып, жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
Сонымен қатар еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалы ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды ұсынған еді.
Сурет: instagram.com/beibutshumenov
По сообщению сайта Arna Press