Семейге жұмыс сапарымен ТЖ министрі келеді деп жоспарланып отыр

Дата: 19 июля 2023 в 18:08 Категория: Новости политики

20 шілде Семейге жұмыс сапарымен ТЖ министрі Сырым Шәріпханов келеді деп жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Сағат 10.00-де Мәңгілік көшесі, 11 мекенжайы бойынша  орналасқан Әлихан Бөкейхан Университетінің ғимаратында Төтенше жағдайлар министрі Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Кездесу барысында Министр брифингке қатысып, БАҚ өкілдерінің Министрліктің қызметі туралы сұрақтарына жауап береді. Сонымен қатар азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді деп жоспарланған.

Сурет: ТЖМ Telegram каналы 

По сообщению сайта Arna Press