«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев еліміздегі жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензин тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Макеевтің айтуынша, қазір АИ-95 маркалы бензинді өндіруге күштің негізгі бөлігі Атырау мұнай өңдеу зауытына түскен. Осыған байланысты жанармай құю бекеттеріндегі бензин тапшылығы жанар-жағармай әлі жеткізіліп үлгермегендіктен болып отыр.
«Бұл ең алдымен логистикамен байланысты. Өйткені, жанар-жағармай материалдары батыстан оңтүстік аймақтарға жеткізу екі аптаға созылуы мүмкін. Қазір оларда өнім бар сондықтан жолға шығуға даййындалып жатыр. Дегенмен, біздің еліміз өте үлкен және қашықтықта біршама алыс сол үшін бізде логистика уақыт алады. Біз тиісті техникалық іс — шаралар өткіздік, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» өндірістің үлкен көлемін өз мойнына алды және бізде келісілген көлемдер орындалып жатыр», — деді «ҚазМұнайГаз» төрағасының орынбасары.
Журналистер Макеевтан бұл жағдайда бағыттарды қайта қарап, жанар-жағармай жеткізу үдерісін қалай жеделдетуге болатынын сұрады.
«Біз Энергетика министрлігімен, «Қазақстан темір жолымен» үнемі жұмыс істейміз. Егер жеткізілімдердің қозғалысы басымдыққа ие болуы үшін шұғыл түрде «жасыл дәліз» қажет болса, тұрақты түрде жұмыс істейміз. Бірақ біз тасымалдаудың физикалық уақытын өзгерте алмаймыз. Бұл сіз ойлағандай физикалық қозғалыс. Жеткізудің белгілі бір үзілістері бар. Бұл оңай процесс емес екенін түсіну керек. Біз бұл сын орынды екенін мойындаймыз, онымен жұмыс істеп жатырмыз», — деді Макеев.
Осыған дейін Энергетика министрлігінің басшысы АИ-95 маркалы бензиннің тапшылығы туралы айтқан болатын. Сондай-ақ, Алмасадам Сәтқалиев «бензин бағасының көтерілуі мүмкін бе» деген сауалға жауап берген еді.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press