3 шілде күні «101» пультіне Ақсуат ауданы Шыбынды ауылында асфальт зауытында битум жанып жатқаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жолға шықты.
Келгеннен кейін өрт сөндірушілер зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатқанын анықтады. Жалпы көлемі 10 тоннаны құрады.
Отпен күреске кірген өрт сөндірушілер көбік шабуылының көмегімен жарты сағат ішінде өртті жойды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталуда.
Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press