Мемлекеттік білім гранттарының тізімі жарияланды

Дата: 28 июня 2023 в 17:48

Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 18 744 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 388 грант тиесілі.

Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2023-2024 оқу жылында 73 мыңға жуық грант бөлінді. 

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press