22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрттен 5 бірлік техника жойылды.
Сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ. Сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылды.
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press