Семей қаласын дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр

Дата: 05 июня 2023 в 17:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Тиісті жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынды, — деп хабарлайды  Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас жоспардағы алғашқы жобалардың бірі – жалпы ауданы 72 га болатын қаланың сол жағалауындағы ескі тұрғын үйлердің орнына жаңа шағын аудан салу.  

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, биыл 70 аула аумағын, 15 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған.

«Болашақта жасыл желектерді күту үшін жергілікті суару жүйесінің бірыңғай схемасы жасалады. 60 шақырым жол жөнделмек. Сондай-ақ қаланың сәулеттік келбетін реттеуге, оның архитектуралық бірегейлігін қалпына келтіруге, неғұрлым біртекті тартымды қалалық ортаны құруға мүмкіндік беретін бірыңғай дизайн код құру жоспарлануда», — деді облыс басшысы.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press