2023 жылғы 31 мамырда Семей қаласының аумағында антитеррорлық оқу-жаттығуы өткізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты — террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету үшін құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.
«Осыған байланысты, қала тұрғындары жүргізіліп жатқан оқу — жаттығу шараларына байланысты көлік пен халық қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтау және тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындау сұралады», — делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сурет: ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press