Семейлік полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды

Дата: 25 мая 2023 в 13:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

24 мамыр күні Семейде көпқабатты үйдің 4-ші қабатының терезесінен ер адам секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына Әуезов полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Мырзаханов Медет, полиция лейтенанты Рамазан Темірлан және полиция капитаны Сәрсебаев Ержан келіп,  дереу құтқару операциясына кірісті, делінген ресми хабарламада.

ТЖ қызметкерлерінің қолдауымен дереу қажетті шаралар қабылданып, суицид әрекетінің алды алынды.

Белгілі болғандай, облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны масаң күйде өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Сурет: видеодан скриншот

По сообщению сайта Arna Press