Семей қаласының тұрғыны әйелінің ақшасын ставқаға тігіп, 30 мың тенгеден айрылып қалғаннан кейін, өз-өзін пышақпен ұрып, қылмыскерлерден жапа шектім, деп полицияға арызданғанын хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол ҚР ҚК 419-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді. Дегенмен, жасалған қылмыс туралы жазбаша мәлімдеме жазды. Бұл факт ҚР ҚК 192-бабы 1,4-тармақтарының 2-бөлігі бойынша жалпы реестрде тіркелді, соның негізінде осы қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Осылайша, бұл азамат полиция органдарының жұмысын тұрақсыздандырды, тергеу органдары жетілмеген қылмысты ашуға күш пен қаражат жұмсады. Қылмыстық әрекеттерімен сотталған Р. Абай облыстық полиция департаментіне 10 233 теңге материалдық шығын келтірді, деп айтты Семей қаласы Орталық аудандық пробация қызметі бастығы Асанали Диханов.
Қала тұрғыны жалған ақпарат бергеніне полиция қызметкерлері бір-неше күннің ішінде нақты көз жеткізді. Нәтижесінде аталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді.
Сот Қылмыстық Кодекстің 419 бабы 2 тармағы бойынша, қала тұрғынын 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
Айта кетерлігі, жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алайда, аталған азаматтың кәмелетке толмаған балалары болғандықтан жаза жеңілдетілді, деп қосты Асанали Диханов.
Сурет: ашық дереккөзден алынған
По сообщению сайта Arna Press