Абай облысында орман өртенуде

Дата: 23 мая 2023 в 10:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

22 мамыр күні «Семей орманы» резерватында құрғақ шөптің өртенуі орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 мамыр сағат 23:07-де Семей қаласынан Ауыл станциясына ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және 10 адам келді.

23 мамырдың таңғы сағат 05:50-дегі жағдай бойынша өрттің алдын ала ауданы 1100 га құрайды. Елді мекендерге қауіп-қатер жоқ.

Халықты хабардар ету және Ивановка ауылы мен Березовка санаторийіне іргелес аумақты қарауылдау үшін жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы – 20 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өртті жоюға шамамен 250 адам мен 90-ға жуық техника жұмылдырылған. Оның ішінде Абай облысының ТЖД, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, облыстың жергілікті атқарушы органдары, -делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінде және Департаменттің дағдарыс орталығында жедел штабтар ұйымдастырылды.

23 мамырдың сағат 05:50 жағдай бойынша ТЖД және орман шаруашылығы күштерімен өрт сөндіру жүргізілуде, 2 жауынгерлік учаске құрылды: 1 ЖУ Ауыл станциясы және 2 ЖУ Ивановка ауылының маңында, сондай-ақ орман шаруашылығының үш тракторымен жер жырту жұмыстары жүргізілуде, — деп қосты баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, Астана қаласынан МИ-873 тікұшағының ӘАО-дан ұшуды жүргізуде.

РФ ТЖМ ММ тарапынан Алтай өлкесі бойынша 26 жеке құрам және 6 АЦ, 1 трактор тартылды.

Айта кетерлігі, 23 мамыр сағат 05:00-дегі жағдай бойынша Алтай өлкесінің аумағында өрт жойылды.

Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі, әлеуметтік желілерден

По сообщению сайта Arna Press