Абай облысының балуаны дзюдодан Азия ойындарының чемпионы болды

Дата: 15 мая 2023 в 16:18 Категория: Новости спорта

Қазақша күрес және дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Бекзат Манасбаев шеберлер арасында Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс Оңтүстік Кореяның Кочхан қаласында өтуде, спортшы 81 кг салмақ дәрежесінде, 30-34 жас топтары арасында күресті.

Өткен жылы да шеберлер арасында Азия ойындарының біріншілігі біздің отандасымыз Бекзат Манасбаевтың қолында болғанын айта кетуіміз керек. Чемпионды жеңісімен құттықтаймыз және алдағы спорттық мансабына сәттілік тілейміз!  — делінген хабарламада.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press