Абай облысында колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды

Дата: 15 мая 2023 в 11:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абай облысында колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысы ҚАЖ департаментінің №20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді бақылау барысында, тыйым салынған затты лақтырмақ болған күдіктіні ұстады. href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласы тұрғынын жеке тексеру барысында 2 скотч жапсырамсына оратылған орама табылды, орамадан 2 пластикалық бөтелкеде (барлығы 1 литр) спирттік иісі бар сұйықтық тәркіленді. Әңгіме барысында href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласы тұрғынының Дәулет есімді (есімі өзгертілген) сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.

– Сотталғандардың «қамқор» туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады, қазыргі кезде тәркіленген сұйықтық сараптамалық тексеруге жіберілді, – деп атап өтті жедел бөлім қызметкері Әділет Кулатаев.

 

Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press