Астанада 180 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
КПБ қызметкерлері мен Степногорск қаласының ӨҚБ жедел уәкілдері арнайы операция жүргізіп, зергерлік дүкеннің батыл және мұқият жоспарланған тонауын әшкереледі.
Еске салайық, 1 мамыр күні белгісіз біреулер жертөлені ойып, дүкенге кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен болатын.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ПД басшылығының нұсқауымен бірнеше жедел топтар құрылып, Ақмола аумағында да, көрші облыстарда да бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.
Сонымен, елордада екі күдікті ұсталды: 1977 және 1988 жылы туған елорда тұрғындары. Олардан заттай айғақтар, телефондар, құралдар мен көлік тәркіленді.
Тергеу жалғасып жатыр, күдіктілер қамауға алынды.
Сурет: pxhere
По сообщению сайта Arna Press