Бұл туралы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте әкімнің орынбасары Шалқар Байбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бастауыш сынып оқушыларынан бөлек, 350 балабақшада көпбалалы отбасылардан 5 700 бала тегін тамақтана алатынын атап өтті.
«Осы санаттағы балалар қосымша білім беру ұйымдарына, үйірмелер мен секцияларға тегін барады. Қамқоршыларға 600 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдемақы төлеуге 200 млн теңге қарастырылған», — деді Шалқар Байбеков.
Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2027 жылға дейін облыста 9500 орындық 18 мектеп салынады. Атап айтқанда, href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семейде 5 мектеп салу жоспарлануда.
«Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 87 жаңа кабинет жабдықталады, сондай-ақ 11 ауылдық мектепте автобустар сатып алынады. Бұдан басқа, ағымдағы жылы 8 мектеп пен 1 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізіліп, Абай облысының 85 мектебіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі», — деп атап өтті Шалқар Байбеков.
Сурет: kazan.prufy.ru
По сообщению сайта Arna Press