Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты. Ол бұл процесс қоғам талап еткендей ашық жүріп жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Автосалондар мен банктерде кезек тұрғанда қоғам талап етті. Кезек қаншалықты адал жүріп жатыр деген сұрақ туындады. Оны жоққа шығару үшін біз оны онлайн жасадық, цифрландырдық. Бұл қоғамның және БАҚ-тың талабы, сұранысы болды», — деп айтты Марат Қарабаев.
Сонымен қатар, ол бағдарламаға көлігі барлар қатыса алмайтынын баса айтты. Министр жеңілдетілген автонесие механизмі ай сайын жұмыс істейтінін қоса кетті.
«Қазір ай сайын шамамен миллиард теңге қайтарылады. Бұл қаражат 100 көлікке жетеді. Енді біз мынадай механизмді қарастырып жатырмыз: қаражат 500-ге жуық көлікке жеткен соң іске қосамыз, яғни бұл дегеніміз 5 миллиард және одан да көп қаражат. Біз бір айда тағы бір миллиард жинаймыз, содан кейін бағдарламаны тағы да онлайн түрде жариялаймыз. Бұл — ең ашық механизм», – деді Марат Қарабаев
Министр бағдарламаға төрт бағыт бойынша түзетулер енгізілетінін айтты.
Сурет: freepik
По сообщению сайта Arna Press