Көкпекті ауданынан href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласына 100 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған облыс тұрғыны ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 сәуір күні «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс — шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері «Алматы – Өскемен» тасжолының 912 шақырымында Абай облысының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы TOYOTA автокөлігін тоқтатады.
Тексеру барысында көлік жүк салғышынан арнайы рұқсат ету құжаттары жоқ 2 мөшек пен 7 полиэтилен пакетке салынған 100 келіден астам әртүрлі мұздатылған балық табылған, — делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта жиналған материал Абай облысы бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданды.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press