2023 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарда жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады, — деп жазды Zakon.kz сайты.
Қорғаныс министрлігі әскери шеру «бюджет үнемдеу негізінде, сондай-ақ басқа мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты» жоспарланбағанын түсіндірді.
«Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын қажетті деңгейде ұстау басымдылық болып табылады». Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сурет: akorda.kz
По сообщению сайта Arna Press