Семейде мектеп оқушылары өз құрдасын аямай соққыға жықты

Дата: 17 апреля 2023 в 00:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында қаланың білім беру мектептерінің бірінің оқушылары өз құрдастарына дене жарақатын салған бейнежазба орнатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Семей қаласында болған. 15 сәуірде ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізілуде. Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды, — деді Семей қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов.
 

Сонымен қатар, полиция департаменті әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.

Сурет: ашық дереккөздерден алынған

По сообщению сайта Arna Press