Мектепке бару үшін құжаттарды 1 сәуірден 1 тамызға дейін Еgov.kz электрондық үкімет порталы және e.Bilimal жүйесі арқылы электронды форматта тапсыруға болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі
Мектептер 1-сыныпқа 6 жастан және 2023 жылдың соңына дейін 6 жасқа толған балаларды қабылдайды. Қызмет көрсету аймағы мектептерде бекітілген. Сондай-ақ, мектеп тұрғылықты мекен-жайға сәйкес келмесе де барлық білім алушылар үшін қызмет қолжетімді болмақ.
Гимназия мен лицейге қабылдау кезінде 15 маусымға дейін балалармен әңгімелесу жүргізіледі. Ал, мектепалды даярлық сыныбына қабылдау – 1 тамыздан басталады.
Сурет: ашық көздерден
По сообщению сайта Arna Press