Семей қалалық мәслихаты төрағасы болып қала әкімінің бұрынғы орынбасары сайланды

Дата: 30 марта 2023 в 17:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бүгін Семей қаласы VIII шақырылым мәслихатының сессиясы өтті, деп хабарлайды  Arnapress.kz тілшісі. 

Сайлаудан кейінгі алғашқы сессия отырысында депутаттарға арнайы төсбелгілері мен куәліктер берілді. 

Сондай-ақ, алғашқы отырыста мәслихат төрағасы сайланды. 

Бұл лауазымға бірауыздан Данияр Шакаримов тағайындалды. Айта кетерлігі, бұған дейін ол қала әкімінің орынбасары қызметінде болған.

Сурет: Семей қаласы әкімдігі

По сообщению сайта Arna Press