Қазақстан мен Қытай 565,4 млн долларға коммерциялық келісімшарттарға қол қойды

Дата: 28 марта 2023 в 21:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан Республикасы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының шекара маңыынтымақтастығының II Достық диалогы аясындаекіжақты 16 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде 565,4 млн сомасына 6 өңіраралық, 5 өзара түсіністік туралымеморандум, 5 коммерциялық келісімшарт бар, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономия ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы, 20-шақырылымдағы ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ма Синжуй, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы қаласының, Шығыс Қазақстан, Жетісу, href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы облыстарының әкімдері қатысуда. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқылануда.

Қазақстан мен Қытай арасында қызметтің барлық бағыттары бойынша өзара қарым-қатынастардың ерекше сипаты қалыптасты. Мұны біздің елдеріміздің сауда, инвестициялар, логистика мәселелеріндегі үздіксіз өзара іс-қимылы дәлелдейді.

 


«Мемлекет басшылары жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөледі. Биыл «Бір белдеу — бір жол» бастамасына 10 жыл толады. Осы кезеңде біздің серіктестігіміз жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң дсерпін байқалады. Бүгінде Қазақстанда тау-кен металлургия кешені, өңдеу өнеркәсібі және басқа да стратегиялық салаларда 3300 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді», — деп атап өтті Премьер – Министрдің орынбасары-ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Қытай шекаралас ынтымақтастығының II Достық диалогын аша отырып.


 
Біздің елдерімізді дәстүрлі түрде байланыстыратын негізгі аймақ — Қытай Шыңжаңы, оның үлесіне Қазақстан мен Қытайдың барлық тауар айналымының 40%-дан астамы тиесілі.
 
Қазақстан қытайлық сатып алушыға 1 млрд доллардан астам сомаға 135 тауар позициясы бойынша өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларының кең ассортиментін ұсынуға дайын. Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпорындар Қытайға салқындатылған ет өнімдерін, балық өнімдерін, құс еті мен қосалқы өнімдерді, шошқа етін, жұмыртқаны, жылқыину және жоғары маржиналды тауарлардың басқа да түрлерін жеткізе алады.
 


 «Бұл үшін қазақстандық ет өнімдерін Қытайға экспорттауға жануарлардың ауруларымен байланысты шектеулерді жою өте маңызды. Жақында Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы Қазақстанның бес оңтүстік-шығыс аймағының вакцинацияланған аусылсыз мәртебесін растауды ұсынды», — деді Серік Жұманғарин.


 
Форумда сөйлеген сөзінде вице-министр, сонымен қатар, ҚХР Бас кеден басқармасы мамандарының қазақстандық өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге инспекция жүргізу үшін Қазақстанға келу қажеттігін атап өтті. Бұл отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлеріне қойылатын талаптар туралы хаттамаларға қол қою және келісу рәсімін жеделдетуге мүмкіндік береді.
 
Қазіргі уақытта «Қорғас» ХШЫО және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да сауда инфрақұрылымы мен шекаралық бақылау жүйесін жаңғырту шаралары қабылдануда. Транзиттік бағыттар, оның ішінде Транскаспий халықаралық мультимодальды бағыты шеңберінде дамуда. 2022 жылы Қазақстанның темір жолы бойынша транзитпен жүк тасымалдау көлемі 1,1 млн тоннаға ұлғайып, 9,4 млн тоннаны құрады. ҚХР-дан автокөлікпен транзиттік тасымалдау екі есеге өсіп, 980,6 мың тоннаны құрады.
 
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің ақпараты бойынша, Ляньюньган портында Қазақстан-Қытай логистикалық терминалымен бірге жүктердің кедергісіз транзиті үшін қажетті база қалыптастырылған. Қолайлы инфрақұрылымдық жағдай жасау үшін Үрімші мен href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматыда сауда хабын салу жоспарлануда. Бұдан басқа, Бақты (ҚР) – Шауешек (ҚХР) автомобиль өткізу пункті ауданында Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелі ашылады.
 

Нұрлан Ұранхаев көрші мемлекеттің бизнесмендеріне бірлескен кәсіпорындар құруды, Абай облысының перспективалы жобаларына ресурстар салуды ұсынды. Сонымен қатар мұндай жобаларға барынша қолдау көрсететінін білдірді.



«Біз Абай облысында өндірістердің өнеркәсіптік кооперациясына жәрдемдесуге дайынбыз және 55 гектар бос алаңы бар және 155 гектарға кеңейтілуге әлеуеті бар «Өндіріс» индустриялық аймағын ұсынуға дайынбыз», — деді облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев.




Форум аясында экономиканың түрлі салаларында: құрылыс, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, туризм, инвестициялар және т.б. салаларда қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлер арасында B2B форматында екіжақты келіссөздер өтті.

По сообщению сайта Arna Press