Қазақстанның үздік ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4, деп жазды Қазақстан теннис федерациясының ресми сайты.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді Бұл жеңісімен Рыбакина әлемнің 7-ракеткасы атанды. Бұл – 23 жастағы спортшының бүкіл мансабындағы ең жоғары лауазымы.
18 наурызда Елена Рыбакина әйелдер теннисінен әлем көшбасшысы польшалық Ига Свиатекті жеңіп, Мастерстің финалына шықты.
Сурет: ktf.kz
По сообщению сайта Arna Press