Семейде сайлаудың алғашқы сағатында 400-ге жуық сарбаз дауыс берді

Дата: 19 марта 2023 в 10:28

Семейде  Ұлттық ұланның  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады, деп хабаралайды Arnapress.kz тілшісі.  Ұлттық ұланда 400-ге жуық сарбаз бар. 

Өз таңдауын бірінші болып «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Еркен Жанабергенов те жасады.

Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.

Сурет: 5511 әскери бөлімінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press