Шымкентте көлікті тест-драйв кезінде ұрлап кеткен

Дата: 13 марта 2023 в 17:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Шымкентте көлікті сату алдындағы техникалық жағдайын тексеру кезінде ұрлап кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  Zakon.kz сілтеме жасап

Otyrar.kz мәліметінше, желіде ер адам өзінің ВАЗ-2114 автокөлігін сататынын хабарлаған. Хабарландыруға жас жігіт жауап берген. Сатып алушы досымен кездесуге келіп, көліктің техникалық жағдайын тексеру үшін рульге отыруды сұраған. Тест-драйв кезінде екі жігіт белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Жәбірленуші полицияға арызданған.

Полицейлер қылмыскерлерді анықтап, қамауға алды. Олар Түркістан облысының 21 жастағы тұрғындары болып шықты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press