Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна бірінші сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша ұрлау дерегі анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.
Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келген залал сомасы 68 миллион 800 мың теңге болды.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды.
Сурет:Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press