Келесі аптада Нью-Делиде (Үндістан) өтетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшы қыздарымыздың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстан әйелдер құрамы сапында Әлем және Азия чемпионадары мен жүлдегерлері, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар.
Нью-Дели рингінде қазақстандық әйелдер барлық 12 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді:
48 келіде Алуа Балқыбекова, 50 келіде Назым Қызайбай, 52 келіде Жазира Орақбаева, 54 келіде Жайна Шекербекова, 57 келіде Карина Ибрагимова, 60 келіде Римма Волосенко, 63 келіде Аида Әбікеева, 66 келі – Надежда Рябец, 70 келіде Мадина Нұршаева, 75 келіде Валентина Хальзова, 81 келіде Фариза Шолтай, 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ләззат Күнгейбаева.
Әлем біріншілігі 14-26 наурыз күндері өтеді.
Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
По сообщению сайта Arna Press