«Мобайл Телеком сервис» компаниясының қауіпсіздік қызметкерлері мен Алматы қаласының полиция қызметкерлері бірлесе отырып телефон арқылы алаяқтық қылмыс жасағандарды ұстады, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мыңдаған телефон карталары мен құрылғы сақталған пәтер Әуезов ауданында анықталды.
«34 жастағы күдікті SIM-карталарды тіркеп, Ресейдегі хабарлама хабына сатуға дайындаған. Аталған күдіктінің заңсыз әрекеті арнайы мамандардың көмегімен анықталды. Түрлі мобильді байланыс операторларының мың SIM-картасы, телефон нөмірлері бар деректер қоры және әртүрлі техникалық құрылғылар тәркіленді.Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,«– деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Полиция мәліметінше, аталған пәтерді тінту барысында SIM-box құрылығысының 12 данасы, SIM-карта салуға арналған 432 слот, SIM-Bank анықталды.
Тергеу мүддесіне орай өзге ақпараттар жария етілмейді. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.
Сурет: zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press